260

Ақтөбеде үш апта бойы іздеуде болған баланың өлі денесі табылды

29 наурызда үйінен шығып кеткен бала содан бері табылмай келген еді.

Ақтөбеде үш апта бойы іздеуде болған баланың өлі денесі табылды
ТЖМ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысында наурыз айының соңында жоғалып кеткен 10 жастағы баланы іздеу жұмыстары аяқталды. Құтқарушылар оның денесін Ілек өзенінен тапты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 2016 жылы туған, төртінші сынып оқушысы 29 наурыз күні Мәртөк ауданындағы Сарыжар ауылындағы үйінен шығып кеткен күйі қайта оралмаған.

Іздеу жұмыстары үш аптаға жуық уақыт бойы тәулік бойы жүргізілді. Оған құтқарушылар, полиция қызметкерлері, әскери бөлімдер, еріктілер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылған.

Алғашқы сағаттардан бастап іздеуге авиация тартылып, үлкен аумақтар шұғыл тексерілді. Күн сайын сүңгуірлер 30–35 шақырымға дейінгі өзен аумағын қарап шыққан. Су беті қайықтармен 25–30 шақырым аралығында тексеріліп, жағалау сызығы жаяу топтармен 15–20 шақырымға дейін қаралған. Сонымен қатар дрондар мен эхолоттар кеңінен қолданылған.

Іздеу жұмыстарын өзеннің ирек арнасы, қатты ағыс, қалың өсімдік және лайланған су айтарлықтай қиындатқан. Баланың денесі бүгін жағадан шамамен үш метр жерде, 1,5 метр тереңдіктен табылды.

Материал авторы