Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды

19.04.2026, 11:50
442
Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды Пресс-служба СУ СК России по Оренбургской области

Күдіктінің Қазақстанда туғаны және қаруды өз бетінше өзгерткені белгілі болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейдің Орынбор облысында Қазақстан шекарасы маңында полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды. Тергеу мәліметінше, күдікті — қатардағы әскери қызметкер Сергей Басалаев. Сот оны қамауға алу туралы санкция берді.

Оқиға 16 сәуір күні Ақкермановка елді мекенінде болған. Федералдық іздеуде жүрген ер адамды ұстауға келген полиция қызметкерлеріне ол қарумен қарсылық көрсетіп, оқ жаудырған. Соның салдарынан бір полицей қаза тапты, тағы үшеуі түрлі жарақат алды. Қаза болған — аға лейтенант Никита Гнусин, ол дәл сол күні 28 жасқа толған.

Қанды оқиғадан кейін өңірде ауқымды іздестіру операциясы басталды. Күдіктінің көлігі Белошапка ауылы маңынан табылып, өзі 18 сәуір күні сол аумақта тас жолға шыққан сәтінде қолға түсті.

Тергеу барысында оған бірнеше ауыр бап бойынша айып тағылды. Атап айтқанда, мобилизация кезінде әскери бөлімді өз бетінше тастап кету, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өміріне қол сұғу, адам өлтіру және адам өлтіруге оқталу деректері бойынша қылмыстық істер қозғалған.

Ресейлік ақпарат көздері күдіктінің алғашқы жауаптарын да жариялады. Оның айтуынша, ол бастапқыда холосты автомат сатып алып, оны өз бетінше қайта жасап, атыс қаруына айналдырған. Ал қару қолдануына «күш құрылымдары үйіне басып кірді» деген уәж айтқан.

Жараланған екі полицейдің жағдайы жақсарып, қанағаттанарлық деңгейге жақындағаны хабарланды. Үшінші зардап шеккен қызметкердің жағдайы әлі де ауыр, бірақ тұрақты.

Бұған дейін күдіктінің Қазақстанда туғаны белгілі болған. Ол бұрынғы ОҚО облысының Түлкібас ауданынан шыққан.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды