Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады

19.04.2026, 14:07
216
Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады әлеуметтік желіден

Меруерт Өтекешева реквизиттердің уақыт өте әр тарапқа тарап кеткенін ашық айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақ киносының жауһары саналатын Қыз Жібек фильміндегі қамзол төңірегіндегі дау жаңа кезеңге өтті. Басты рөлді сомдаған Меруерт Өтекешева продюсер Баян Алагөзова қолындағы киімнің түпнұсқа екенін растады.

Бұл туралы журналист Гүлбану Әбенова актрисамен әңгімесіне сүйеніп хабарлады. Оның айтуынша, Өтекешева қамзолдың шынымен де фильм түсірілімінен қалғанын айтып, уақыт өте реквизиттер мен костюмдердің әр жаққа тарап кеткенін жеткізген.

Актрисаның сөзінше, бүгінде музейде сақталған қамзолдың бір ғана нұсқасы бар, алайда оған тиісті деңгейде күтім жасалмай отыр. Сонымен бірге ол киімнің нақты қай жерде сақталуы керектігіне қатысты пікір білдіруден бас тартқан. Әңгіме барысында артық дабыраның өзіне ұнамайтынын да аңғартқан.

Журналистің мәліметінше, Өтекешева назар ең алдымен өзіне аударылуы тиіс деп есептейді, өйткені фильм актерлерінің ішінде көзі тірі қалғаны — өзі ғана.

Ал Баян Алагөзова бұл дауға дейін қамзолдың ондаған жыл бойы ешкімге қажет болмағанын алға тартты. Оның сөзінше, киім қоймада жойылуға шақ қалған, тек бір қызметкердің арқасында сақталып қалған.

«Бұл қамзолды тастамақ болған. Оны үйінде сақтаған әйел кейін сенімді қолға беруді ұйғарды», — деді продюсер.

Сондай-ақ Алагөзова бұл затқа нақты меншік құқығын дәлелдейтін құжат жоқ екенін айтып, қамзолды өзіне тиесілі деп санайтынын мәлімдеді.

Еске салайық, дау Алагөзованың фильм кейіпкерінің қамзолын киіп көрген видеосынан кейін өршіді. Қоғамдық резонанстан соң Мәдениет және ақпарат министрлігі бұл тарихи жәдігердің жеке қолға қалай өткенін тексеруге ниетті екенін хабарлады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды