SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің бұрынғы жұбайы Ляйсира Марат әлеуметтік желіде қымбат сөмкелерін көрсетіп, көпшілік талқысына түсті.
Ляйсира Марат жариялаған жазбасында байлықты материалдық заттармен өлшеуге қарсы екенін айтып, өз өмір жолына тоқталды. Оның сөзінше, анасы оларды тәуелсіз болуға үйреткен, сол себепті өзі жас кезінен еңбек етіп, мақсаттарына жетуге ұмтылған.
«Бақытты сөмкемен немесе гүлмен өлшейтін заманға күле қараймын. Мен үшін шынайы бақыт — жақындардың махаббаты, балалардың күлкісі және жан тыныштығы», — деп жазды ол.
Сонымен қатар, ол қымбат бренд сөмкелері мен сәнді өмірді тек «жетістіктің қосымша бонусы» ретінде бағалайтынын атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін блогер Бейбіт Әлібеков кәсіпкер Тұрсын Алагөзов пен оның қазіргі жұбайы Баян Алагөзова үйін көрсеткен бейнеролик жариялаған еді. Онда отбасының сәнді тұрмысы мен гардеробындағы қымбат заттар қызу талқыға түсті.
Стилисттің есебінше, Алагөзованың сөмкелер коллекциясының жалпы құны шамамен 420 мың еуроға жуықтаған. Осы ақпарат тараған соң, желі қолданушылары Ляйсира Мараттың жазбасын осы жағдаймен байланыстырып, түрлі пікір қалдырды.
«Ішіңіз тар екен», «Кімді меңзеп отырғаныңызды түсіндік», «Бұрынғы күйеуін әлі ұмыта алмай жүр ме», - деп жазды желі қолданушылары.
Кейбірі оны астарлы жауап ретінде қабылдаса, енді бірі бұрынғы қарым-қатынас тақырыбы әлі жабылмағанын меңзеді.
RUS