14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді

20.04.2026, 09:03
99
14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Uma Shankar sharma/Getty Images

Синоптиктер 14 облыста бірден бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы болатынын ескертті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 20 сәуірге арналған ауа райы болжамы елдің жартысын алаңдатты. Қазгидромет 14 облысқа және Алматының таулы аймақтарына дауылды ескерту жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, елдің әр өңірінде тұман, қатты жел, найзағай, шаңды дауыл және түнгі үсік күтіледі. Әсіресе таулы аймақтар мен солтүстік өңірлерде ауа райы құбылмалы болмақ.

Алматы облысының таулы бөлігінде тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде кей жерлерде үсік жүреді. Алматы қаласының Медеу мен Бостандық аудандарында да таңертең тұман мен қатты жел болжанып отыр.

Ұлытау, Қарағанды және Абай облыстарында түнгі және таңғы уақытта тұман басады. Ақтөбе облысында күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі, жел күшейеді.

Атырау облысында да ауа райы күрт құбылады: жаңбыр, найзағай, тұман және екпінді жел қатар жүреді. Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрып, желдің жылдамдығы 20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Жетісу мен Жамбыл облыстарында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталып отыр. Түркістан облысында түнде үсік жүруі ықтимал.

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында тұман, жел және жауын-шашын қатар күтіледі. Маңғыстауда кей жерлерде шаңды дауыл соғады.

Батыс Қазақстан облысында да күн күркіреп, жел күшейеді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды