237

Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті

Екі көліктің соқтығысуы салдарынан жүргізушілер мен жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өскеменде түнгі уақытта болған жол апаты үш адамның ауруханаға түсуімен аяқталды. Оқиға 18 сәуір күні шамамен сағат 23:00-де Жібек жолы көшесінде, «Алтай» көтерме-тарату орталығы маңында тіркелген.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, апатқа екі бірдей Mazda көлігі қатысқан. Соқтығыс салдарынан екі жүргізуші мен бір жолаушы түрлі жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілді.

Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы – Өскемен тасжолында да ірі жол апаты болып, 11 адам зардап шеккені хабарланған еді.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор