Brent маркалы мұнайдың бағасы 75 долларға дейін арзандады
Лондонның ICE биржасында сейсенбі күні Астана уақытымен сағат 23:24 шамасындағы сауда-саттықта 2023 жылдың шілдесінде жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың құны 5,16%, яғни әр баррелі 75,3 долларға дейін төмендеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Brent фьючерстері құлдырауын бәсеңдетіп, барреліне 75,52 доллар (-4,89%) деңгейінде болды.
2023 жылдың маусымында жеткізілетін WTI маркалы мұнай фьючерстерінің құны 5,12% арзандады, баррелі - 71,9 доллар.
Соңғы саудада дүйсенбі күні мұнайдың эталон маркасының құны 79,31 доллар болған.
Айта кетейік, АҚШ Brent маркалы мұнай бағасының 2023 жылға арналған болжамын төмендетті.
Ал ОПЕК+ ұйымына мүше кейбір мемлекеттер мұнай өндіру көлемін өз еркімен азайта бастады.