276

Өскеменде шатырға шыққан жалаңаш ер адам құтқарылды

Куәгерлер көпқабатты үйдің шатырында тұрған ер адамды байқап, полиция шақырған.

Өскеменде шатырға шыққан жалаңаш ер адам құтқарылды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өскеменде көпқабатты үйдің шатырында жалаңаш тұрған ер адам құтқарылды. Оқиға Серікбаев көшесіндегі тұрғын үйде болған.

Куәгерлер күмәнді жағдайды байқап, бірден полицияға хабар берген. Оқиға орнына жедел қызметтер шұғыл жеткен.

Полиция қызметкерлері шатырдағы адамның 37 жастағы қала тұрғыны екенін анықтады. Жүргізілген келіссөздер нәтижесінде қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды. Арнайы бөлімше сарбаздарының көмегімен ер адам шатырдан аман-есен түсірілді.

Кейін ол жедел жәрдем бригадасына тапсырылып, қажетті медициналық көмек көрсетілді.

Аталған дерек бойынша «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор