Қостанайда клубтағы төбелестің кесірінен ер адам көзінен айырылды

20.04.2026, 17:33
232
Қостанайда клубтағы төбелестің кесірінен ер адам көзінен айырылды alau.kz

Кейін күдіктілер көшеде тағы бес адамға шабуыл жасағаны анықталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанайда түнгі клубтағы төбелес соңы ауыр зардаппен аяқталған іс бойынша үш адамға үкім шықты. Жәбірленушінің бірі соққыдан кейін көру қабілетінен айырылған.

Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылдың маусымында сотталғандардың бірі екі танысымен бірге клубта ішімдік ішіп отырған. Би алаңында ол келушілердің бірімен байқамай соқтығысып қалған. Болмашы жағдайды сылтау еткен ер адам қарсыласының сол жақ көзіне жұдырықпен қатты соққы жасап, оны жерге құлатқан. Кейін жәбірленуші сол көзінің көру қабілетін жоғалта бастаған. Бұл ауыр дене жарақаты ретінде бағаланған.

Оқиға мұнымен тоқтамаған. Клубтан шыққан соң үш күдікті тағы бірнеше адамға шабуыл жасап, бес адамды ұрып-соққан. Олардың біріне жеңіл жарақат келтірілген.

Сотта айыпталушылардың екеуі кінәсін ішінара, біреуі толық мойындап, жазаны жеңілдетуді сұраған. Ал көру қабілетінен айырылған жәбірленуші мен оның өкілі қатаң жаза тағайындауды талап еткен.

Сот үкім шығару кезінде айыпталушылардың кінәні мойындауы мен өкінуін жеңілдететін мән-жай ретінде, ал қылмыстың мас күйде жасалуын ауырлататын фактор ретінде ескерді. Сонымен қатар келтірілген зиянның өтелмегені де назарға алынды.

Нәтижесінде негізгі айыпталушы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның екі сыбайласына 3 жылдан жаза тағайындалды. Барлығы орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейді. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады