292

Семейде қыздарға тиісіп, зорлау туралы айтқан ер адам ұсталды (ВИДЕО)

Күдікті 17 жасар қызға тиіскен.

Семейде қыздарға тиісіп, зорлау туралы айтқан ер адам ұсталды (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Семейде кәмелетке толмаған қыздарға тиісіп, әдепсіз ұсыныстар жасаған ер адамның әрекеті қоғамда резонанс тудырды. Оқиға видеоға түсіп қалған.

Желіде тараған кадрларда белгісіз ер адам бір топ қызға жақындап, оларға алкоголь ішуді ұсынады. Қыздар бас тартқаннан кейін, ол оларды аңдып, мазалап, ар-намысқа тиетін сөздер айта бастаған. Бір сәтте жағдай ушығып, ер адам қыздардың біріне ашық түрде зорлау ниетін білдірген.

Оқиғаға қатысты Абай облысының полиция департаменті түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, бейнежазба тексерілгенімен, бастапқыда полицияға ресми арыз түспеген.

Сонымен қатар, құқық қорғаушылар видео авторын — 17 жастағы семейлік қызды және оның құрбысын анықтап, олардан түсініктеме алған. Жасөспірімдер ер адамның мас күйде болғанын және өздеріне тиісіп, әдепсіз әрекеттер жасағанын растаған.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор