Валюта нарығы: қай қалада доллар қымбат?
Еуро мен рубль бағамы да өңірлер арасында айырмашылық көрсетіп отыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде шетел валютасының бағамы жаңартылды. Kurs.kz деректеріне сәйкес, нарықта доллар мен еуро құны әр қалада әртүрлі қалыптасып отыр.
Елордадағы айырбастау орындарында доллар 463,97 теңгеден сатып алынып, 470,91 теңгеден сатылуда. Еуро 547,19–557,00 теңге аралығында құбылып тұр. Ресей рублі 5,99 теңгеден қабылданып, 6,30 теңгеден өткізіледі. Ал қытай юані 68,48 теңгеден сатып алынып, 74,00 теңгеге дейін сатылып жатыр.
Алматыдағы жағдай сәл өзгеше. Мұнда доллардың сатып алу бағамы 467,09 теңге болса, сату құны 469,66 теңгеге жеткен. Еуро 548,11–554,49 теңге аралығында саудалануда. Рубль 6,07–6,19 теңге диапазонында өзгеріп тұр. Юань да 68,82–71,74 теңге аралығында ұсынылған.
Сарапшылар валюта нарығындағы мұндай айырмашылықтар аймақтық сұраныс пен ұсынысқа байланысты екенін айтады.
Материал авторы