SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қайғылы оқиға болды — 6 жастағы бала 13-қабаттан құлап, оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлім етті.
Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы жағдай Тілендиев даңғылы бойындағы көпқабатты үйде тіркелген. Оқиға кезінде ересектер асүйде болған, ал бала бөлмеде қараусыз қалған. Сол сәтте ол балкон терезесі арқылы құлап кеткен.
Құзырлы органның дерегінше, бұл — биыл елордада тіркелген осындай жетінші жағдай. Соның екеуі адам өлімімен аяқталған. Полиция мұндай оқиғалардың басым бөлігі ата-аналардың қауіпсіздікке салғырт қарауынан болатынын ашық айтып отыр.
Құқық қорғаушылар ата-аналарға қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтауды қатаң ескертті: терезені ашық қалдырмау, москит торына сенбеу, арнайы бекіткіштер орнату және жиһазды терезеден алшақ ұстау.
Оқиғаға қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр.
RUS