SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада жеті жастағы баланың қолына пышақ ұстап, тұрғын үйлердің ауласында жүгіргені туралы видео әлеуметтік желіде тарады. Оқиға Астана қаласындағы Тілендиев көшесінде түсірілген.
Куәгерлердің айтуынша, бала өзін агрессивті ұстап, өтіп бара жатқан адамдарға жақындауға тырысқан. Тұрғындар қауіптеніп, одан қашық жүруге мәжбүр болған.
Қалалық полиция департаменті бұл дерек бойынша тексеру жүргізіп, баланың жасы жетіде екенін анықтады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, кәмелетке толмағанның заңды өкілі бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынған.
Сонымен қатар жиналған материалдар Сарыарқа аудандық әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясына жолданды. Бұл іс баланың әрі қарайғы жағдайын бақылауға алу үшін қаралатын болады.
RUS