Әлемдегі ең ірі айсберг қирап қалды

Аиса Махамбет Редактор
22.04.2026, 14:58
1040
Әлемдегі ең ірі айсберг қирап қалды ААНИИ

Климаттың өзгеруі ең үлкен айсбергтің «түбіне жетті».

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлемдегі ең ірі айсбергтердің бірі – А23а толық ыдырап, бірнеше ұсақ бөлікке бөлінді. Соның нәтижесінде мұз массиві бұрынғы көлемінің 99 пайызын жоғалтып, шамамен 100 есе кішірейген.

Бұл туралы Арктикалық және Антарктикалық ғылыми-зерттеу институты мамандары 2026 жылдың 21 сәуірінде хабарлады. Ғалымдардың айтуынша, 40 жыл бойы бақылауда болған алып айсберг өз тарихының соңына таяп қалған.

Институт өкілі Полина Солощуктың мәліметінше, қаңтар айында оның ауданы шамамен 1300 шаршы шақырым болса, қазіргі таңда 50 шаршы шақырымнан да аз қалған. Айсберг ашық мұхитта еркін қалқып жүріп, соңғы айларда көз алдымызда бөлшектеніп барады. Соңғы үш айда ол шамамен 1000 шақырым қашықтықты жүріп өтіп, Оңтүстік және Атлант мұхиттарының шекарасын кесіп өткен.

А23а айсбергі алғаш рет 1986 жылы Фильхнер мұзды шельфі шетінен ажырап шыққан. Сол кездегі ауданы 4170 шаршы шақырым болған, бұл Санкт-Петербург қаласының аумағынан екі есе үлкен.

30 жылдан астам уақыт ол Уэдделл теңізі орталық бөлігінде тұрып қалған. Кейін Антарктида жағалауын бойлай қозғала бастайды. 2023 жылдың соңына қарай ашық суға шыққан айсберг солтүстік бағытқа қарай дрейф жасап, 2025 жылдың басында Оңтүстік Георгия аралына жақындаған. Арал маңында біраз уақыт қайтадан таяз жерге тіреліп, кейін қайта қозғалып, аралды шығыс жағынан айналып өткен.

Ғалымдар мұндай көлемдегі мұз массивінің жылдам бөлшектенуін климаттық және мұхиттық жағдайлардың өзгерісімен байланыстырады.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды