«Қызымды күйеуім зорлады»: Қоғамды дүр сілкіндірген отбасылық қылмыс қайта талқылануда

Аиса Махамбет Редактор
22.04.2026, 17:14
138
«Қызымды күйеуім зорлады»: Қоғамды дүр сілкіндірген отбасылық қылмыс қайта талқылануда бейнежазбадан

Алматылық жеті баланың анасы 4 жасар қызын күйеуі көзінше зорлағанын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, алматылық көпбалалы ана Анар Боранбаева өз басынан өткен ауыр оқиғаларды баяндады. Жеті баланың анасы болған әйел азаматтық некедегі күйеуінен зорлық-зомбылық көріп, кейінірек одан ажырасқан. Алайда ажырасқаннан кейін де қысым мен қауіп тоқтамаған. Бұл туралы Kosa Media YouTube арнасы жеткізді.

Анардың айтуынша, өміріндегі ең ауыр трагедиялардың бірі — күйеуінің өз кішкентай қызына қатысты жасаған қылмысы. Оның сөзінше, ер адам төрт жасар қызға зорлық көрсеткен сәтінде үстінен түскен. Бұл оқиғадан кейін құқық қорғау органдары іске араласып, күдікті қамауға алынған.

Алайда бұл қайғылы жағдайдан кейін де әйел мен оның балалары тыныштық таппаған. Анар күйеуінің туыстары тарапынан қысым мен қорқытулар болғанын айтады. Ол жалғыз өзі бірнеше баланы асырап, қарыздарын жабуға мәжбүр болған, тұрақты баспанасы да болмаған.

Анардың өмір жолы қиын балалық шақтан басталған. Ол Орал мен Алматы арасында өсіп, қатаң тәртіпте тәрбиеленгенін айтады. Отбасында баланың пікірі ескерілмей, қыз баланың үндемей бағынуы қалыпты норма ретінде қабылданған.

Оның айтуынша, үйдегі зорлық көріністері де бала кезден үйреншікті жағдайға айналған. Бұл кейінгі өмірінде психологиялық әсер қалдырған.

18 жасында ол үйден кетіп, өзінен үлкен ер адамға тұрмысқа шыққан. Бұл некені махаббат емес, өмірлік қысымнан шығудың жолы ретінде қабылдағанын айтады. Алайда алғашқы некеден кейін де ол жалғыз қалып, екі баласын өзі өсірген.

Уақыт өте келе оның өміріне тағы бір ер адам араласып, бастапқыда қамқорлық көрсеткенімен, кейін жағдай күрделене түскен. Анар оның тарапынан да зорлық көргенін, алайда ұзақ уақыт бойы кетуге батылы жетпегенін айтады.

Кейін әйел бірнеше рет балаларымен қашып кетуге әрекет жасағанымен, түрлі қысым мен уәделерден кейін қайта оралған. Бұл цикл бірнеше жыл бойы жалғасқан.

Ең ауыр сәттердің бірі — оның кішкентай қызына қатысты болған оқиға. Сол оқиғадан кейін ғана Анар түбегейлі шешім қабылдап, балаларын қорғау үшін бәрін өзгертуге бел буған.

Құқық қорғау органдары істі қарап, күдіктіге 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Кейін ол қамауда көз жұмған.

Қазіргі уақытта Анар балаларымен бірге қиын жағдайда өмір сүріп жатыр. Ол тұрақты баспанасыз, бірнеше жерде жұмыс істеп күн көруге мәжбүр. Сонымен қатар, балаларының психологиялық жарақатын қалпына келтіруге тырысып жүргенін айтады.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады