SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өзбекстанда мектеп қабырғасында болған жанжал қоғам назарын аударды. Оқиға барысында бір оқушы үйіне келіп, сыныптас баланың оған қол көтергенін айтқан. Осы жағдайдан кейін баланың анасы мектепке келіп, мәселені сабырмен шешудің орнына эмоцияға берілген.
Куәгерлердің айтуынша, әйел сыныпқа кіріп, баласына тиіскен деп айтылған оқушыға шабуыл жасаған. Ол баланы анасының көзінше ұрып, орындық лақтырған және сынып ішінде қуып жүрген. Қорыққан оқушы кейін анасының артына тығылған.
Оқиғаның ауыр тұсы — мұның барлығы мұғалімдер мен ата-аналардың көз алдында болғанымен, ешкім дер кезінде араша түспеген. Әйел ашуға беріліп, айқайлап, өз баласын қорғау мақсатында әрекет еткенін айтқан.
Бұл жағдай мектеп ішіндегі қауіпсіздік деңгейі мен тәртіп сақтау механизмдерінің әлсіздігін қайта күн тәртібіне шығарды.
RUS