Солтүстікке қоныс аударғандарға сапасыз баспана беріліп жатыр – Дәулет Мұқаев

03.05.2023, 13:51
903
Солтүстікке қоныс аударғандарға сапасыз баспана беріліп жатыр – Дәулет Мұқаев smartnews.kz

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев солтүстікке қоныс аударушыларды қолдау мәселелерін көтерді.

Бұл жөнінде депутат Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен орынбасары Алтай Көлгіновке сауал жолдады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Қуатты өңірлер – елді дамытудың драйвері» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде 2022 жылы солтүстікке 7923 адам қоныс аударған. Олардың 1320-сы қандас және 6603-і ішкі қоныс аударушылар болған. Ал биыл 8652 адамға квота бөлінген. 2021-2025 жылдарға бұл бағдарламаға 46,7 миллиард теңге бөлінсе де оң нәтижесін бермей отыр. Себебі көшіп барғандар көп ұзамай өз аймақтарына қайтадан көшіп жатыр», - деді депутат Мәжілістің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысының өзінде-ақ миграция сальдосы теріс мәнге ие. Соңғы жылдары оңтүстік аймақтан көшіп келген 600 адам бұл облыстан қайта көшіп кеткен. Олардың саны жыл санап артуда.

«Қоныс аударған отбасыларға тұрғын үй сатып алуға үй құнының 50%, бірақ 4 млн теңгеден аспайтын сомада қаржы беріледі. Бұл - қоныс аударушыларға үлкен көмек. Әйтсе де, Үкімет тарапынан салған баспананың сапасыздығына арызданған жандар өте көп. Жаңадан салынған үйлердің сапасыз екенін ескеріп, мемлекеттік бағдарлама аясында екінші деңгейлі нарықтан тұрғын үй сатып алу немесе өздеріне үй салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын», - деді Д. Мұқаев.

Сонымен бірге, депутат ауа райы мен қоныс аударушылардың адаптациялық кезеңін ескере отырып, қоныс аударуды тек ерте көктемде жүргізуді ұсынды.

«Қоныс аударған ағайынға жат жердің тыныс-тіршілігіне үйренуге жәрдемші болатын арнайы бейімдеу орталығы мен бірегей сайт, жедел желі телефоны іске қосылуы керек. Себебі қоныс аударушы қандастарымыздың көбі кирилл қаріптерін оқығанда қиналғандары байқалады. Ал өзіміздің жергілікті халық болса көші-қон жайлы толық ақпарат біле бермейді. Себебі ақпараттандыру, түсіндірме жұмыстары өте аз. Қоныс аударушыларды арнайы комиссия негізінде іріктеп, кәсіпке икемі бар, көпбалалы отбасыларға басымдық берілуі керек. Көшкен соң туған әр сәбиге де берілетін жәрдемақы деңгейін арттыру демографияға серпін берері сөзсіз», - деді спикер.

Жұмыс орындарын көбейту мақсатында жұмыс беру мүмкіндігі бар кәсіпкерлерді көшіруге ықпал ету немесе жас кәсіпкерлерді қызықтыратын арнайы өңірлік бағдарлама әзерлеу керегі де айтылды.

«Қоныс аударғандардың кәсібін дөңгелетіп әкетуге 2,5 пайызбен берілетін жеңілдетілген несиелер санын арттырып, субсидиялар, гранттарды ұлғайту керек. Алтай Сейдірұлы, биыл халықты оңтүстіктен солтүстікке көшіру үшін қандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді? Қоныс аудару жұмыстары мен ақпараттандыру қандай жоспарда жүріп жатыр? Жоғарыда айтқан ұсыныстарды ескеріп, жауапты заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша ұсынуыңызды сұраймын», - деді Дәулет Мұқаев.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды