SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өскеменде шыққан өрт адам өлімімен аяқталды. Қызыл жалын шарпыған жеке тұрғын үйден ер адамның мәйіті табылды.
Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, оқиға қаладағы Черняховский көшесінде болған. Құтқарушылар шақырту түскен сәттен бастап жедел әрекет етіп, өрт орнына дер кезінде жеткен.
Тілсіз жаумен күрес барысында үй ішіндегі бөлмелердің бірінен 1970 жылы туған ер адамның денесі анықталған. Өрт сөндірушілер көп ұзамай жалынды толықтай ауыздықтады.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрт 44 шаршы метр аумақты шарпыған. Қазіргі уақытта оның шығу себебі белгісіз күйінде қалып отыр. Мамандар оқиғаның нақты мән-жайын анықтауға кірісті.
Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды тағы бір мәрте ескертті. Мамандардың айтуынша, қарапайым сақтық ережелерін елемеу қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін.
RUS