Ұмай: қыз-келіншектерге арналған ипотекаға өтініш қабылдау басталады

03.05.2023, 14:25
653
Ұмай: қыз-келіншектерге арналған ипотекаға өтініш қабылдау басталады smartnews.kz

10 мамыр күні «Отбасы банк» «Ұмай» бағдарламасы бойынша өтініштер қабылдай бастайды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл гендерлік бағдарламаны несиелендіруге 15,6 млрд теңге жұмсалады. Бұл қаражатты «Азия даму банкі» үшінші транш аясында бөліп отыр.

«Ұмай» бағдарламасы екінші немесе үшінші тұрғын үй сатып алуды көздеп отырған, кірісі жоғары әйелдерге арналған. Биыл біз «АДБ»-мен бірлесіп, «Ұмай» бағдарламасына табысы 200 000 теңгеден аспайтын әйелдер де қатыса алады деп шештік. Егер олар төлем қабілеттілігін растаса, ең төменгі 15% бастапқы жарнамен несие алады. Біз оларға бөлінген қаражат аясында жалпы несиелендірудің 20%-ға жуығын бөлуді жоспарлап отырмыз», - деп түсіндірді «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

«АДБ» шарттарына сәйкес Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларына заемның жалпы көлемінің 40% аспайтын бөлігін немесе 200-ге жуық несие бөлу жоспарланып отыр. Несиенің 60%-ы облыстар мен шағын қалалардың тұрғындарына берілмек. Мақсат – өңірлердегі әйелдерді қолдау және несиелеуде диспропорцияны болдырмау.

Бағдарлама бойынша берілетін заемның ең жоғарғы құны 30 млн теңгеге дейін. Пайыздық мөлшерлеме биыл – 14,4% (ЖТСМ – 15,4% бастап), кейін ол 3,5%-5%-ға дейін (ЖТСМ – 3,6% бастап) төмендетіледі.

Қарыз алу мерзімі – 6 айдан 25 жылға дейін. Бұл ретте тұрғын үй таңдауда шектеулер жоқ, оны алғашқы және екінші нарықтан, соның ішінде үлестік қатысу шарттары бойынша сатып алуға болады. Сондай-ақ, «Ұмай» бойынша баспананы жөндеу жұмыстарына да 3,7 млн теңгеге дейінгі мөлшерде қарыз алуға болады.

Әлеуетті қарыз алушының ай сайынғы отбасылық табысы 550 000 теңгеден аспаса, ол 15%-дық бастапқы жарнамен несие ала алады. Ал, отбасының ортақ кірісі айына 550 001 теңгеден 640 000 теңгеге дейінгі аралықта болса, онда тұрғын үйді 20%-дық алғашқы жарнамен алуға болады.

Гендерлік теңдікті жетілдіруге негізделген бағдарламаны іске асыруға «АДБ» бас-аяғы 38 млрд теңге көлемінде қаражат бөліп отыр. 2021 жылы «Ұмай» бағдарламасы басталған кезде, бірінші транш аясында, жалпы көлемі 8,4 млрд теңгеге 954 қазақстандық қыз-келіншек қарыз алған болатын. 2022 жылы 14 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 1 119 қыз-келіншек баспаналы болды.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды