Жанабыловтар соты: Эльмира Төлегенова сотқа денсаулығына байланысты келмеді

23.04.2026, 16:06
187
Жанабыловтар соты: Эльмира Төлегенова сотқа денсаулығына байланысты келмеді Tengrinews.kz

Судья медициналық құжаттарды ұсынуды талап етті.

Жанабыловтар ісі бойынша сот отырысы уақытша тоқтатылды. Себеп – айыпталушы Эльмира Төлегенованың денсаулығының күрт нашарлауы, деп хабарланды сот барысында.

Соттың басында баспасөз хатшысы Төлегенованың отырысқа келмегенін мәлімдеді. Судья бұл туралы неге алдын ала хабарланбағанын нақтылап, қорғаушыдан түсініктеме сұрады.

Адвокаттың айтуынша, айыпталушы өзін жайсыз сезінгенін отырысқа бір жарым сағат қалғанда ғана білген және дәрігер шақыртқан.

Осыған байланысты сот процесі екі сағатқа шегерілді. Судья қорғаушыдан Төлегенованың жағдайын растайтын медициналық құжаттарды ұсынуды талап етті.

Айта кетейік, бұған дейін жарыссөз кезеңі басталып, прокурор айыпталушыларға жаза сұраған. Ерболат Жанабылов үшін 4 жыл бас бостандығынан айыру ұсынылса, Эльмира Төлегенова үшін дәл осындай мерзім белгілеу, бірақ жазаны бір жылға кейінге қалдыру ұсынылған.

Сондай-ақ айыптау тарапы мүлікті тәркілеу мәселесін де көтерді.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады