Атырауда тозған спорт кешеніне 389 млн жұмсалмақ болған

23.04.2026, 17:27
549
Атырауда тозған спорт кешеніне 389 млн жұмсалмақ болған SMARTNEWS.KZ коллажы

Жылыойда бюджет қаржасы тиімсіз жобаға бағытталмақ болған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысында аудан әкімдігі тозығы жеткен спорт кешенін 389 млн теңгеге сатып алмақ болған. Бюджет қаржысының орынсыз жұмсалуына прокуратура тосқауыл қойды.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, Жылыой ауданында бюджет қаражатын негізсіз жоспарлау дерегі анықталған. 2025 жылғы 17 желтоқсанда аудандық бюджет комиссиясы спорт кешенін сатып алуға 389 млн теңге бөлуді мақұлдаған.

Алайда тексеріс барысында сатып алынуы тиіс нысанның әбден тозғаны белгілі болған. Бұл оны алғаннан кейін қосымша жөндеу шығындарын талап ететінін көрсетеді. Яғни, жоба іске асса, бюджет қаржысы екі рет жұмсалар еді.

Қадағалау органы бұл бастама тиімділік пен ұтымды жоспарлау қағидаттарына қайшы екенін атап өтті. Нәтижесінде прокурорлық акт енгізіліп, қаражат бөлу туралы шешімнің күші жойылды.

Осылайша, 389 млн теңге көлеміндегі негізсіз шығынның алдын алу мүмкін болды. 

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр