4 млрд теңге шығын: іздеуде жүрген қазақстандық Грузиядан ұсталды

23.04.2026, 18:08
587
4 млрд теңге шығын: іздеуде жүрген қазақстандық Грузиядан ұсталды polisia.kz

Күдікті жүздеген адамды алдап, 4 млрд теңгеден астам шығын келтірген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, төрт миллиард теңгеден астам шығын келтірді деген күдікке ілінген қазақстандық Грузиядан ұсталды. Ол бірнеше ай бойы халықаралық іздеуде жүрген.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, күдікті 2025 жылдың шілдесінен бері бой тасалап келген. Қазақстандық полицейлер грузиялық әріптестерімен бірлесіп, оны Рустави қаласында қолға түсірді.

Тергеу деректеріне сәйкес, ол бір топ адаммен бірге автонесие беру сылтауымен 2022–2024 жылдары Алматыда 232 азаматты алдап, 4 млрд теңгеден астам шығын келтірген.

Бұдан бөлек, Астана қаласының полиция департаменті іздестірген тағы бір қазақстандық Бішкекте ұсталды. Ол 2024 жылдың қазанынан бері қаржы пирамидасын құрып, басқарды деген күдікпен жасырынып жүрген.

Бұл ұстаулар ТМД елдері аумағында өткен «Розыск» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүзеге асқан. 15–16 сәуір күндері шетелдерде барлығы 39 адам ұсталып, тағы 189 іздеуде жүрген тұлғаның жүрген жері анықталған.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді