Атырауда көне зираттан адам сүйектері жер бетіне шықты

Азиз Қалижан Редактор
24.04.2026, 10:51
519
Атырауда көне зираттан адам сүйектері жер бетіне шықты бейнежазбадан

Жылыойдағы зираттағы көрініс жұртты шошытты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысында қараусыз қалған көне зираттан адам сүйектері жер бетіне шығып қалған. Әлеуметтік желіде тараған видео қоғамда алаңдаушылық туғызды.

Кадрлар Жылыой ауданындағы Ескі Қаратон елді мекенінің маңында түсірілген. Бейнежазбадан құм астынан ашылып қалған адам сүйектерін анық көруге болады. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл қорым ХХ ғасырдың басына тиесілі. Құлпытастардағы жазулар 1949, 1950 және 1965 жылдарды көрсетеді.

Видео авторының айтуынша, қабірлердің ашылып қалуына табиғи факторлар әсер еткен. Нақтырақ айтқанда, күшті жел құмды ұшырып, уақыт өте келе жерлеу орындарын ашып тастаған.

Жаңа Қаратон кентінің әкімі Сансызбай Баймұратов бұл аумақ бұрынғы Қаратон ауылының негізгі зираты болғанын растады. Қорым Құлсары қаласынан шамамен 102 шақырым жерде орналасқан. 1992–2002 жылдары тұрғындар толықтай жаңа қонысқа көшірілгеннен кейін, 2002 жылдан бері бұл жерде жерлеу рәсімдері жүргізілмеген.

Әкімнің сөзінше, қазіргі таңда елді мекенде тұрақты халық жоқ. Табиғи процестердің әсерінен сүйектердің жер бетіне шығу деректері тіркелген.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді