Қостанайда адамды аяусыз ұрғандар түрмеге қамалды

24.04.2026, 13:56
575
Қостанайда адамды аяусыз ұрғандар түрмеге қамалды depositphotos.com

Жәбірленуші ауыр дене жарақатын алып, өкпесі зақымданған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанай облысында адамды ауыр соққыға жығып, қабырғасын сындырып, өкпесіне зақым келтірген екі ер адам шартты жаза алып, бостандықта қалған. Кейін прокуратура бұл шешімге қарсы шығып, іс кассациялық тәртіпте қайта қаралды.

Бас прокуратураның ресми мәліметіне сәйкес, оқиға кезінде екі күдікті мас күйде болып, алдын ала сөз байласу арқылы жәбірленушіге бірнеше мәрте соққы жасаған. Салдарынан оның қабырғалары сынып, өкпесі жарақаттанып, денсаулығына ауыр зиян келген.

Соған қарамастан, бірінші сатыдағы сот оларға 6 жылға шартты бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Яғни, сотталғандар нақты түрмеге қамалмай, бостандықта жүрген.

Прокуратура мұндай шешімді тым жұмсақ деп бағалап, оның қылмыстың ауырлығына сәйкес келмейтінін атап өтті. Ведомствоның пікірінше, жаза тағайындауда тек жеңілдететін жағдайлар ғана емес, айыпталушылардың бұрынғы тәртібі, жеке мінездемесі және бұрын қолданылған шаралардың нәтижесі де ескерілуі тиіс.

Тексеру барысында аталған екі азаматтың бұған дейін де әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны, қоғамдық тәртіпті жүйелі түрде бұзып келгені және алкогольді жиі тұтынғаны анықталған. Қолданылған шаралар олардың мінез-құлқын түзете алмаған.

Прокуратураның кассациялық наразылығынан кейін сот шешімі өзгертіліп, күдіктілерге 6 жыл нақты бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады