«Алматы жастары» бағдарламасына құжат қабылдау басталады

03.05.2023, 16:46
622
«Алматы жастары» бағдарламасына құжат қабылдау басталады smartnews.kz

«Алматы жастары» жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасына өтініштер қабылдау басталады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«15-31 мамыр аралығында Алматының 35 жасқа дейінгі және осы жасқа толғандардан «Алматы жастары» қалалық бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдетілген тұрғын үй займдарын алуға өтініштер мен құжаттарды қабылдау басталады»,- деп хабарлады қалалық әкімдіктен.

Бағдарламаға қатысу үшін өтінішті www.almaty-zhastary.kz сайты арқылы тапсыруға болады. Сайтта авторизациялау электрондық цифрлік қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүргізіледі.

Еске салсақ, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша жас мұғалімдер мен дәрігерлер үшін бағдарлама аясында қосымша қаржы бөлінді және лимит 100 займға ұлғайтылды: мұғалімдер үшін – 50, дәрігерлер үшін – 50.

Бұған дейін биыл «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша 1100 пәтер берілетіні туралы жазаған болатынбыз.

Бағдарлама шарттарына келсек, бастапқы жарна – 10 пайыз, мөлшерлеме – 5 пайыз, несие сомасы былтырғыдай 18 млн теңгеге дейін.

Қатысу үшін негізгі талаптар:

- Қатысушының жасы 35 жасқа дейін (35 жасқа толғандарды қоса алғанда), өтініш беру кезінде, жұбайының (зайыбының) жасына қарамастан (бар болса) бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;

- Үміткерде және оның отбасы мүшелерінде меншік құқығында тұрғын үйдің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайының әдейі нашарлауы фактілерінің болмауы.

- Қатысушының Алматы қаласында келесі санаттар бойынша міндетті зейнетақы аударымдарымен кем дегенде соңғы 6 ай ішінде ресми жұмыс өтілінің болуы: денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ЖОО-лар және ҒЗИ, журналистер, әлеуметтік сала, құқық қорғау органдары және қалалық коммуналдық қызметтері.

Еске салайық, 2022 жылы «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасы аясында мың адамға ипотекалық несие беру үшін 18 млрд теңге бөлінген болатын.

Айта кетейік, «Алматы жастары» бағдарламасына қатысу үшін қалада тұрақты тіркелу міндетті емес.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды