Атырауда жанкүйердің әрекеті Төреғали Төреәліні таңғалдырды (ВИДЕО)

Азиз Қалижан Редактор
24.04.2026, 15:17
651
Атырауда жанкүйердің әрекеті Төреғали Төреәліні таңғалдырды (ВИДЕО) birttturli_qyz

Әншінің концерті аяқталғаннан кейін жанкүйер оны кездейсоқ көліктен байқап қалған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі жанкүйерінің ерекше ықыласына куә болып, күтпеген эмоцияға тап болды.

Әсел Үтепбергенова есімді қыз ұзақ уақыттан бері әншінің шығармашылығын қалт жібермей бақылап келеді. Ол концерттеріне тұрақты қатысып, әлеуметтік желілерде белсенді қолдау білдіреді. Жуырда Атырауда өткен концерттен кейін ол күтпеген жерден әншіні көлікте байқап қалады.

Желіде тараған видеода қыздың қозғалып бара жатқан көліктің ішіндегі әртісті танып, артынан жүгіргені көрінеді. Кейін ол жүргізушіден терезені ашуды сұрайды.

Көлік терезесі ашылып, Әсел сүйікті әншісін көрген сәтте эмоциясын жасыра алмай, қуаныштан айқайлап, оған қол созады. Ал Төреғали Төреәлі бұл көрініске күліп, таңданысын жасырмаған.

Жанкүйер видеоны «Менің жарқыраған жұлдызым» деген жазбамен жариялаған.

Кадрлар әлеуметтік желіде жылдам тарап, қызу талқыға түсті. Бірі қыздың шынайы қуанышына сүйсінсе, енді бірі оның эмоциясына әзілмен қарады.

Кейбір қолданушылар «Мұндай жанкүйерді алғаш рет көрдік», «Шынайы эмоция жүрекке жетті», «Әнші де таң қалып тұр», «Қыздың ниеті таза» деген пікір қалдырды.

Әселдің айтуынша, ол әртістің барлық әнін жатқа біледі және жыл сайын концерттерге алдыңғы қатардан билет алып, бірге ән айтуға тырысады.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады