Астанада автобус ішіндегі жанжал төбелеске ұласты (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
24.04.2026, 15:48
693
Астанада автобус ішіндегі жанжал төбелеске ұласты (ВИДЕО) instagram.com/jagdaikz

Оқиға баласын арбадан алып жатқан әйелді итеріп жіберген сәттен басталған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада қоғамдық көліктің бірінде болған жанжал видеоға түсіп, әлеуметтік желіде тарады. Оқиғаға қатысты полиция тексеріс жүргізіп жатыр.

Желіде жарияланған мәліметке сәйкес, автобус ішінде екі әйелдің арасында туындаған сөзге келіспеушілік қысқа уақытта ашық қақтығысқа ұласқан. Куәгерлердің айтуынша, жанжал барысында тараптар бір-біріне ауыр сөздер айтып, жағдай ушығып кеткен.

Оқиғаға қатысушылардың бірінің сөзінше, бәрі бала арбасынан баласын алып, орындыққа жайғасуға тырысқан сәтте оны біреу итеріп жібергеннен басталған.

Кадрларда қоғамдық орында болған бұл жанжалдың төбелеске дейін жеткені анық байқалады.

Астана қалалық полиция департаменті аталған жағдайға қатысты тексеріс басталғанын хабарлады. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысы бар азаматтардың жеке басы анықталып жатыр.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, тексеріс нәтижесіне қарай қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады