Шымкентте блогер әкімдікті бопсалағаны үшін 5 жылға сотталды

24.04.2026, 17:10
1109
Шымкентте блогер әкімдікті бопсалағаны үшін 5 жылға сотталды ПД

Блогер әкімдікке қарсы материал жариялаймын деп қорқытып, ірі көлемде ақша талап еткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты бопсалау ісі бойынша блогерге қатысты үкім шығарды. Ол әкімдікке қатысты жағымсыз ақпарат жариялаймын деп қорқытып, ақша талап еткен.

Сот материалдарына сәйкес, айыпталушы жәбірленушінің беделіне нұқсан келтіретін және мүддесіне елеулі зиян келтіруі мүмкін мәліметтерді таратамын деп қорқытып, ақша бопсалаған.

Іс деректеріне қарағанда, 2025 жылдың қазан айында блогер әлеуметтік желілерде Шымкент әкімдігінің беделіне нұқсан келтіретін жазба жариялаған. Кейін әкімдік өкілімен кездесіп, мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында 10 млн теңгеге келісімшарт жасауды талап еткен.

Сот анықтағандай, талап орындалмаған жағдайда ол әкімдікке қарсы жағымсыз материалдар жариялайтынын ашық айтқан.

2025 жылдың 6 қарашасында блогер анасының банк шотына 990 мың теңге аударым арқылы алған. Осыдан кейін құқық қорғау органдары оны ұстады.

Сотта айыпталушы кінәсін ішінара мойындап, бас бостандығынан айырмауды сұраған. Алайда сот оны кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, сотталған блогер — Арай Енсебек. Бұған дейін ол қала әкімінің баспасөз хатшысы қызметін атқарған. Кейін жеке медиа жобасын іске қосып, мемлекеттік ақпараттық тапсырыстар арқылы табыс тапқан.

Алайда қаржыландыру көлемі қысқара бастаған соң, блогер таныс шенеунікке бірнеше рет хабарласып, 10 млн теңге талап еткен. Ақша берілмесе, өз медиасында теріс материал жариялайтынын айтып қысым көрсеткен.

Шенеунік бастапқыда келісім беріп, кейін құқық қорғау органдарына жүгінген. Ақша беру сәтінде блогер қолға түскен.

Айта кетейік, блогердің ұсталғаны 2025 жылдың 7 қарашасында белгілі болды. Сол кезде оның үйі мен кеңсесінде тінту жүргізіліп, тергеуге қажет электронды құрылғылар тәркіленген.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды