ШҚО-да саябақты қиратқан үш жігіт ұсталды

27.04.2026, 10:08
463
ШҚО-да саябақты қиратқан үш жігіт ұсталды бейнежазбадан

Саябақтағы тәртіпсіздік сотқа дейін жетті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысында үш жас жігіттің қалалық саябақта жасаған тәртіпсіздігі қоғамда резонанс туғызды. Әлеуметтік желіде тараған видеода олардың қоғамдық мүлікті бүлдіріп, агрессив әрекетке барғаны анық көрінеді.

Кадрларда белгісіз үш жігіт қоқыс шашып, урналарды теуіп, орындықтарды сындырып, бейәдеп сөздер айтып, саябақтағы абаттандыру нысандарына зиян келтіргені байқалады. Желі қолданушылары бұл әрекетті қатаң сынға алып, жауапкершілік талап етті.

Видео жарияланғаннан кейін полиция жедел тексеріс бастап, бейнебақылау жүйесінің көмегімен күдіктілерді қысқа уақытта анықтады. Олар — Шемонаиха ауданында тұратын 19 жастағы үш жергілікті тұрғын.

Құқық бұзушылар полиция бөліміне жеткізіліп, бірнеше бап бойынша жауапқа тартылды. Оларға ұсақ бұзақылық, қоғамдық орында мас күйінде жүру немесе алкоголь ішу, тыныштықты бұзу және бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру фактілері бойынша айып тағылды. Іс материалдары сотқа жолданды.

Полиция өкілдері мұндай әрекеттер жазасыз қалмайтынын атап өтті. Сондай-ақ тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және ортақ мүлікке жауапкершілікпен қарауға шақырды. 

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады