Астана тұрғыны 2 мың долларға қылмысқа барған

27.04.2026, 11:15
555
Астана тұрғыны 2 мың долларға қылмысқа барған freepik

Астанада ақша үшін қылмысқа барған тұрғынға сот үкімі шығарылды.

Астанада бөтеннің мүлкін жоюға оқталу ісі бойынша жергілікті тұрғынға үкім шығарылды. Бұл туралы қалалық прокуратура хабарлады.

Тергеу дерегінше, жас жігіт әлеуметтік желі, нақтырақ айтқанда Instagram арқылы қосымша табыс іздеп жүріп, 2 мың доллар үшін қылмыс жасауға келісім берген.

Ол алдын ала дайындалған жанғыш құрылғыларды тұрғын үйге қарай лақтырған. Үй ішінде адамдар болғанына қарамастан, айыпталушы әрекетінің салдарын түсіне отырып, азаматтардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген.

Қылмыс оның еркінен тыс себептермен соңына дейін жүзеге аспаған.

Сот оны бөтен мүлікті жоюға оқталу бабы бойынша кінәлі деп таныды. Бұған дейін өтелмеген соттылығы ескеріліп, 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Прокуратура әлеуметтік желілер арқылы ұсынылатын күмәнді “жұмыстардың” артында қылмыстық жауапкершілік тұрғанын ескертті. Мұндай ұсыныстарға келісу тек бостандықтан ғана емес, өзгенің өмірінен де айыруы мүмкін.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр