SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші, KeshYou тобының бұрынғы солисі Кәмшат Жолдыбаева шығармашылық үзілістен кейін жаңа бағытқа бет бұрды. Ол қыз-келіншектерге арналған би сабақтарын бастап, алғашқы жаттығулардан үзінділерді әлеуметтік желіде жариялады.
Өнер иесі сабақтарды онлайн және офлайн форматта қатар өткізуді жоспарлап отырғанын айтты. Оның сөзінше, бағдарлама қатысушылардың белсенділігіне қарай жетілдіріліп, бірге дамиды.
Желіде тараған видеоларда Кәмшат шәкірттеріне би қимылдарын үйретіп жатқан сәттер көрсетілген. Сабақтар топтық форматта өтуде, қатысушылар саны да аз емес.
Пікірлер бөлімінде әншінің жұбайы Ғазрет Қажымұқанұлы әзілдеп, сабақтардың онлайн форматта өткенін жөн көретінін жазған.
Айта кетейік, Кәмшат Жолдыбаева бұған дейін сахнадағы батыл образдарымен, ашық киім үлгілерімен және әсерлі би нөмірлерімен танылған еді. Тұрмыс құрғаннан кейін ол өмір салтын өзгертіп, қарапайым әрі ұстамды стильге көшкен.
RUS