529

Атырау облысында мұнайға ұқсас сұйықтық ағып жатқан аумақ қоршалды

Атырау облысында мұнайға ұқсас сұйықтық ағып жатқан аумақ қоршалды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Атырау облысында мұнайға ұқсас сұйықтық ағып жатқан аумақ қоршалды
Видеодан алынған кадр

Облыстық экология департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, мұнай төгілген Махамбет ауданындағы Есбол ауылдық округінен 40 шақырым қашықтықта анықталған.

«Махамбет ауданына қарасты Сары Өскембай учаскесіндегі К-3 крелиустік ұңғымадан май ағып жатқан аумағы толықтай қоршалды. Алдағы уақытта атқарылар жұмыстың бәрі департамент қызметкерлерінің бақылауында болады», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.