SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, синоптиктер 28 сәуірге арналған кең ауқымды дауылды ескерту жариялады. Елдің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылып, бір мезетте бірнеше қауіпті құбылыс тіркелуі мүмкін: найзағай, екпінді жел, тұман, үсік және шаңды дауыл.
Алматы облысы мен Алматы қаласында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Таулы аймақтарда желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Іле Алатауы бөктерінде ауа райы құбылмалы болады.
Жетісу облысының шығысында жауын-шашын болжанса, оңтүстік және шығыс бөліктерінде өрт қаупі сақталып отыр.
Маңғыстау облысында жаңбыр мен найзағайға қоса, шаңды дауыл соғуы мүмкін. Желдің күші 20 м/с-қа дейін жетеді.
Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында түнгі және таңғы уақытта тұман түсіп, кей жерлерде 1–3 градусқа дейін үсік жүреді.
Шығыс Қазақстан, Абай және Жамбыл облыстарында найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі. Кей өңірлерде желдің екпіні 23 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.
Қызылорда облысында шаңды дауыл, ал Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарында жаңбыр мен найзағай болжанып отыр.
Атырау және Түркістан облыстарында да жел күшейіп, секундына 15–20 метрге дейін жетеді.
Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын салдарынан өзендердегі су деңгейі көтерілуі ықтимал.
RUS