SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыдағы «Ақкент» ықшамауданында болған оқиға әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Куәгерлер таратқан бейнежазбада ер адамның әуелі лифт шақыру батырмасына агрессия танытып, артынша жанында тұрған қызға қол көтергені көрінеді.
Жазбада күдіктінің әрекеті түсініксіз әрі бақылаусыз болғаны байқалады. Оқиға тұрғындар арасында алаңдаушылық туғызып, қоғамдық қауіпсіздік мәселесін тағы да күн тәртібіне шығарды.
Қазіргі уақытта ер адамның жеке басы анықталып жатыр деген болжам бар. Құзырлы органдар бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме бермеді.
Әлеуметтік желі қолданушылары құқық қорғау органдарын жедел әрекет етуге шақырып, мұндай әрекеттер жазасыз қалмауы тиіс екенін айтуда.
RUS