1278

Рыбакина Мадридте сүрініп, турнирден шығып қалды

Қазақстанның бірінші ракеткасы ширек финалға жете алмады.

Рыбакина Мадридте сүрініп, турнирден шығып қалды
KTF

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Мадридте өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирдің ширек финалына өте алмады.

Төртінші айналымда ол ресейлік Анастасия Потаповамен кездесіп, 6:7 (8:10), 4:6 есебімен жеңілді. Матч 1 сағат 53 минутқа созылды.

Кездесу барысында Рыбакина қарсыласынан ұтылған ұпайлар саны бойынша да, маңызды сәттерді пайдалану жағынан да қалып қойды. Ол 78 ұпай еншілесе, Потапова 92 ұпай жинады. Брейк-пойнттарды жүзеге асыруда да айырмашылық байқалды: қазақстандық спортшы 10 мүмкіндіктің 3-еуін ғана пайдаланса, қарсыласы 6 мүмкіндіктің 4-ін сәтті аяқтады.

Енді Анастасия Потапова ширек финалда чехиялық Каролина Плишковамен кортқа шығады.

Материал авторы