СҚО-да жылқы әйелдің екі саусағын жұлып алды

28.04.2026, 12:47
506
СҚО-да жылқы әйелдің екі саусағын жұлып алды astanatv.kz

Дәрігерлер бір саусақты сақтап қалса, екіншісін ампутациялауға мәжбүр болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысында ипподром аумағында болған оқиға ауыр жарақатпен аяқталды. 38 жастағы әйелге жылқы шабуыл жасап, сол қолының екі саусағын тістеп жұлып алған.

Алғашында зардап шеккен адам аудандық ауруханаға жеткізіліп, алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Кейін жағдайына байланысты шұғыл түрде облыс орталығына ауыстырылды. Дәрігерлердің айтуынша, бір саусақты сақтап қалу мүмкін болған, ал екіншісін ампутациялауға тура келген.

Дәрігерлер әйелдің жағдайын орташа ауыр деп бағалады. Сонымен қатар сіреспеге қарсы екпе салынып, ол амбулаторлық ем қабылдауға жіберілді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Гүлнар Калиеваның мәліметінше, жарақат кезінде сол қолдың сіңірі де зақымданған. Қажетті медициналық көмек толық көрсетілген.

Спорт басқармасы зардап шеккен әйелдің ипподром қызметкері емес екенін нақтылады. Оның ол жерге қандай мақсатпен барғаны әзірге белгісіз. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады