Алматы автобусында бейәдеп әрекет жасаған ер адам іздестіріліп жатыр

28.04.2026, 14:45
1053
Алматы автобусында бейәдеп әрекет жасаған ер адам іздестіріліп жатыр бейнежазбадан

№95 автобусындағы оқиға әлеуметтік желіде тарағаннан кейін бірден тексеріске алынған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда №95 автобус ішінде болған бейәдеп әрекетке байланысты ер адам іздестіріліп жатыр. Оқиғаға қатысты видео әлеуметтік желілерде тарағаннан кейін полиция тексеріс бастаған.

Куәгерлердің айтуынша, белгісіз ер адам кәмелетке толмаған қыздың жанында орынсыз әрекет жасап, оны шошытқан. Бұл жағдай қоғамдық резонанс тудырды.

Алматы қалалық полиция департаменті редакцияға берген ресми жауабында аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын растады. Құқық қорғаушылар оқиғаның нақты орны мен уақытын, сондай-ақ күдіктінің жеке басын анықтауда.

«Мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіп нормаларын өрескел бұзады және жол берілмейтін жағдай», – деп атап өтті ведомство өкілдері.

Барлық мән-жай анықталғаннан кейін кінәлі тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды