849

Алматыда пышақпен көшеде жүрген жартылай жалаңаш ер адам жұртты шошытты

Күдіктінің 1990 жылы туған шетел азаматы екені анықталып, ол қамауға алынды.

Алматыда пышақпен көшеде жүрген жартылай жалаңаш ер адам жұртты шошытты
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда Бұқар жырау көшесінде жартылай жалаңаш күйде, қолында пышаққа ұқсас зат ұстаған ер адам тұрғындарды үрейлендірді. Оқиға куәгерлері оның көшеде бейберекет жүріп, ескертулерге мән бермегенін және бағдарын жоғалтқандай күйде болғанын айтқан.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде таралып, қала тұрғындары құқық қорғау органдарынан жедел шара қабылдауды талап еткен.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тәртіп бұзушы жедел анықталып, ұсталған. Ол 1990 жылы туған шетел азаматы болып шыққан.

«Ұстау кезінде ол өзін дұрыс ұстамады, әрекеттеріне нақты түсініктеме бере алмады. Аталған азамат сол аумақта орналасқан ұйымдарға қатысы жоқ. Қазіргі уақытта ол қабылдау-тарату орнына орналастырылды», – делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар, оның миграциялық заңнаманы бұзғаны анықталған. Тексеру жалғасып жатыр.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор