SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Димаш Құдайберген шығармашылық жолында жаңа кезеңге қадам жасап, продюсерлік қызметті қолға алды.
Жағымды жаңалықты әлемге танымал әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Ол Hunan TV арнасындағы «Voice Beyond Horizon» жобасының алғашқы жеңімпазы Нұржас Садырбаевтың продюсері болғанын мәлімдеді. Енді жас әнші Димаштың қолдауымен кәсіби деңгейін арттырып, халықаралық сахнада өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады.
«Шамамен 15 жылдық мансабымда халықаралық байқаулардан бастап әлемдік жеке концерттерге дейін үлкен жолдан өттім. Енді сол тәжірибемді бөлісіп, еліміздің атынан Азиядан Америкаға дейінгі әлемдік сахналарда өнер көрсететін жаңа буын әртісін дайындайтын уақыт келді», – деп жазды Димаш.
Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің халықаралық музыкалық жобасы бір тәуліктің ішінде 102 миллион қаралым жинап, рекорд орнатқаны хабарланған болатын.
RUS