523

Ақша айырбастау орындарындағы жаңа курс: доллар мен еуро қаншадан сатылып жатыр

Сарапшылар валюта бағамының ауытқуын сыртқы экономикалық факторлармен байланыстырды.

Ақша айырбастау орындарындағы жаңа курс: доллар мен еуро қаншадан сатылып жатыр
NUR.KZ/Владимир Третьяков

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде шетел валюталарының жаңартылған бағамы белгілі болды.

Kurs.kz порталының мәліметінше, елордадағы айырбастау орындарында доллар 454,01 теңгеден сатып алынып, 461 теңгеден сатылып жатыр. Еуро бағамы 530,04–540 теңге аралығында құбылса, рубль 5,80–6,10 теңге шамасында саудалануда. Қытай юані 67,28 теңгеден қабылданып, 73,10 теңгеден сатылып жатыр.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы 458,06–460,47 теңге аралығында қалыптасты. Еуро 534,67 теңгеден сатып алынып, 540,33 теңгеден сатылуда. Рубльдің құны 5,94–6,07 теңге аралығында болса, юань 67,24–70,11 теңге шамасында саудаланып жатыр.

Сарапшылардың айтуынша, валюта нарығындағы құбылмалылық сыртқы экономикалық факторлар мен мұнай бағасының өзгерісіне тікелей байланысты. 

Материал авторы