Баян Алагөзова өмір бойы Меруерт Өтекешоваға ай сайын 1 млн теңге төлемек

Азиз Қалижан Редактор
29.04.2026, 10:13
529
Баян Алагөзова өмір бойы Меруерт Өтекешоваға ай сайын 1 млн теңге төлемек instagram.com/bayanmaxatkyzy

Мәдениет министрлігі пікір білдіргеннен кейін Баян Алагөзова арнайы видеоүндеу жариялады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, продюсер әрі актриса Баян Алагөзова «Қыз Жібек» фильміндегі аңызға айналған камзолға қатысты дауға пікір білдіріп, басты рөлді сомдаған Меруерт Өтекешоваға тосын сый жасайтынын мәлімдеді.

Продюсер әлеуметтік желіде арнайы үндеу жариялап, көпшілік талқысына түскен қызғылт камзолдың қазір өзінде сақтаулы тұрғанын айтты.

«Қазір бұл қамзол менде, жеті құлыптың ар жағында сақтаулы тұр. Оны маған осы жәдігерді жылдар бойы көзінің қарашығындай сақтаған әйел табыстады. Қамзолдың алдағы тағдырын халық пен тиісті органдар шешеді. Бірақ түптің түбінде бұл ұлттық мұраны музейге өткізетінім анық», – деді Алагөзова.

Ол сөзінің бір бөлігін қазақ киносының символына айналған Меруерт Өтекешоваға арнап, актрисаға құрмет білдірді.

«Сіз – мәңгілік Қыз Жібексіз, қазақ қызының мәңгілік бейнесісіз. Құрметті Меруерт апай, сізге кішкентай сыйлығым ретінде тон табыстағым келеді. Сонымен қатар өз атымнан және жұбайымның атынан өмір бойы ай сайын 1 миллион теңге көлемінде алғыс төлемін тағайындағым келеді», – деді продюсер.

Еске салайық, бұған дейін Баян Алагөзованың қазақ киносы тарихындағы ерекше жәдігер – «Қыз Жібек» фильміндегі басты кейіпкердің қызғылт камзолын иеленгені белгілі болған еді. Кейін бұл мәселеге Қазақстан Мәдениет министрлігі де пікір білдірген. 

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады