SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің күйеу баласы, актер әрі әнші Ермахан Аймахан жаңа романтикалық әнінің үзіндісін жариялап, желі қолданушыларының ықыласына бөленді.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайы Раушан Құдайбергенмен бірге түскен жылы видеомен бөлісті. Кадрларда ерлі-зайыпты жаңа ән әуенімен би билеп, романтикалық атмосфера сыйлаған.
Жаңа туынды «Тағдырыма кел» деп аталады. Әннің қысқа үзіндісі жарияланған сәттен бастап тыңдармандар тарапынан жылы пікірлер жауды. Көпшілік композицияның нәзік көңіл күйі мен орындаушының дауысын жоғары бағалап, толық нұсқасын асыға күтетінін жазды.
Желі қолданушылары пікірлерінде: «Әні керемет екен», «Өте әсерлі туынды», «Дауыс пен атмосфера ерекше үйлескен», «Нағыз нәзік ән болыпты» деген лебіздерін қалдырған.
Жарияланым астына Димаш Құдайберген де пікір қалдырып, үш қызыл жүрек эмодзиімен қолдау білдірді.
Айта кетейік, бұған дейін Раушан Құдайберген жайлауда жүйткіген аттан құлап қалған сәтін көрсеткен еді.
RUS