Ақтөбеде мұнайшылар арасындағы жанжал пышақтасуға ұласты

Азиз Қалижан Редактор
29.04.2026, 12:45
469
Ақтөбеде мұнайшылар арасындағы жанжал пышақтасуға ұласты aqtobegazeti.kz

Полиция мәліметінше, жанжалға қатысқан екі жұмысшы да оқиға кезінде мас болған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысында мұнай саласының екі жұмысшысы арасындағы жанжал ауыр қылмыспен аяқталды. Кеңқияқ ауылында болған төбелес кезінде ер адамның бірі әріптесіне пышақ жарақатын салған.

Оқиға Темір ауданындағы Кеңқияқ ауылында тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, кәсіпорынның екі қызметкері мас күйінде жанжалдасып қалған. Кикілжің соңы пышақтасуға ұласқан.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

— Кәсіпорынның екі қызметкері алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін жанжалдасып, салдарынан бірі екіншісіне пышақ жарақатын салған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Жарақат алған 43 жастағы жұмысшы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оған шұғыл медициналық көмек көрсеткен.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқас 28 сәуір күні таңғы сағат 05:00 шамасында Кеңқияқ ауылдық ауруханасына түскен.

— Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр. Барлық қажетті ем шаралары жүргізілуде, — деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады