«Таксиге шыққысы келеді, бірақ құқығынан айырылады»: Әбенов борышкерлер жүйесін сынға алды

29.04.2026, 14:11
591
«Таксиге шыққысы келеді, бірақ құқығынан айырылады»: Әбенов борышкерлер жүйесін сынға алды @mazhilis_kz

Қарызы бар азаматтарды табыс табу мүмкіндігінен айыру қисынсыз шешім дейді депутат.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәжілісте борышкерлердің құқығы мен қарыз өндіріп алу жүйесіне қатысты даулы мәселе көтерілді. Мұрат Әбенов қазіргі тәжірибенің Конституция талаптарына қайшы келетін тұстары барын айтып, жүйені «қорқынышты механизм» деп атады.

AMANAT партиясының депутатының сөзінше, елде бүгінде шамамен 1,5 миллион шот бұғатталған. Оның айтуынша, мәселенің түп-тамыры — нотариустарға азаматты қатыстырмай-ақ борышкер деп тану құқығының берілуінде.

— Адамды іздемейді, шақырмайды. Бірден нотариусқа жүгінеді. Ал нотариус Қазақстан Республикасының атынан атқарушылық жазба шығарып, оны жеке сот орындаушысына жолдайды. Бұл — өте ауыр әрі қисынсыз жүйе, — деді Мұрат Әбенов.

Депутаттың айтуынша, қазір микрокаржы ұйымдары мен ломбардтар да толыққанды сот процесінсіз қарыз өндіріп ала алады.

Сондай-ақ ол борышкерлерге қолданылатын санкциялардың шектен тыс күшейіп кеткеніне назар аударды. Бұрын көлікке тыйым салу немесе жүргізуші куәлігінен айыру көбіне алимент төлемейтіндерге қатысты қолданылса, қазір бұл тәжірибе кеңейіп кеткен.

— Адам микрокаржы ұйымына қарыз болуы мүмкін. Бірақ соның кесірінен жүргізуші куәлігінен айырылады. Егер ол таксист болып жұмыс істесе, табыс табу мүмкіндігін жоғалтады. Сонда қарызын қалай өтейді? Мұнда қандай логика бар? — деді депутат.

Мұрат Әбенов тағы бір өзекті мәселе ретінде өсімпұл мен пайыз жүктемесін атады. Оның сөзінше, азаматтар негізгі қарызды жаба алмай жүргенде үстінен қосымша пайыз есептеле береді.

Ал заң жобасы бойынша жұмыс тобының өкілі қазіргі жүйе «даусыз мәмілелер» бойынша бұйрықтық тәртіпке негізделгенін түсіндірді. Бұрын мұндай істерді сот қараса, кейін бұл өкілеттік нотариустарға берілген. Сонымен қатар жұмыс тобы депутат көтерген барлық ұсынысты қарастыруға дайын екенін мәлімдеді. 

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады