Елдің бірнеше аймағына бұршақ, шаңды дауыл мен үсік қаупі төнді

30.04.2026, 09:03
540
Елдің бірнеше аймағына бұршақ, шаңды дауыл мен үсік қаупі төнді pexels.com

Қазақстанның 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» 30 сәуірге арналған кезекті дауылды ескерту жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, елдің бірнеше өңірінде найзағай ойнап, қатты жел соғады, кей аймақтарда бұршақ пен шаңды дауыл болуы мүмкін. Сонымен қатар бірқатар облыста жоғары өрт қаупі сақталып отыр.

Ақтөбе облысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Солтүстік бөлігінде кей уақытта нөсер жаңбыр жауып, облыстың орталығы мен шығысында бұршақ аралас дауыл болуы ықтимал. Желдің екпіні секундына 15–18 метрге дейін күшейеді. Ақтөбе қаласында да қатты жаңбыр болжанып отыр.

Жетісу облысында жел күшейеді. Әсіресе Алакөл көлдері маңында екпін 23–28 метрге дейін жетуі мүмкін. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында найзағайлы жаңбырмен қатар шаңды дауыл күтіледі. Жел бағыты өзгеріп, екпіні 20 метрге дейін жетеді. Өңірдің шығысында, орталығында және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі жарияланды. Қызылорда қаласының өзінде де өрт қаупі жоғары деңгейде болады.

Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түсіп, кей аумақта 2 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал. Орал қаласында да топырақ бетінде үсік күтіледі.

Маңғыстау облысында жаңбыр мен найзағай болжанса, оңтүстік бөлігінде бұршақ жаууы мүмкін. Ақтауда да ауа райы құбылмалы болады.

Қарағанды, Абай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жел күшейеді. Кей өңірлерде өрт қаупі сақталған.

Түркістан мен Жамбыл облыстарының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі. Жамбыл облысында таулы аймақтарды таңертең тұман басуы мүмкін.

Павлодар мен Атырау облыстарында да жоғары өрт қаупі сақталып отыр. Атырау облысының шығысында жаңбыр мен найзағай болжанды.

Синоптиктер тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақ болуға, алыс жолға шыққанда қауіпсіздік шараларын ескеруге кеңес береді.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады