Ресей дрон шабуылдарынан кейін мұнай зауыты экологиялық дағдарыста қалды

Азиз Қалижан Редактор
30.04.2026, 11:40
431
Ресей дрон шабуылдарынан кейін мұнай зауыты экологиялық дағдарыста қалды ТАСС

Үш дрон шабуылынан кейін қала үстінде қою түтін көтеріліп, тұрғындарға үйден шықпау туралы ескерту берген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейдің Туапсе қаласында мұнай өңдеу зауытына жасалған кезекті дрон соққысынан кейін басталған жанған мұнайдың ағуы тоқтатылды. Бұл соңғы екі аптадағы үшінші шабуыл болған.

Ресей Төтенше жағдайлар министрі Александр Куренковтың мәліметінше, негізгі қауіп жойылған. Дегенмен ол жағдайды әлі де «күрделі, бірақ бақылауда» деп сипаттады. Қазір басты міндет — ашық жалынды сөндіру және жағалау маңындағы ластанған топырақты тазарту.

Министрдің айтуынша, теңізге мұнайдың таралуының алдын алу үшін қалаға арнайы бөгет құрылғыларын жеткізу жоспарланған. Сондай-ақ 30 сәуірде Туапсе өзені акваториясын тексеру үшін МЧС пен құтқару қызметтерінен құралған 40 сүңгуірден тұратын топ жіберілмек.

Бұған дейінгі шабуылдар да ауыр зардап әкелген. 16 сәуірдегі соққыдан кейін Қара теңізде шамамен 10 мың шаршы метр аумақты қамтыған мұнай дағы анықталған. Ал 20 сәуірдегі екінші шабуылдан кейін қалада «мұнай жаңбыры» жауғаны хабарланған.

28 сәуірге қараған түні Туапсе инфрақұрылымы тағы да дрондардың нысанасына айналды. Қала үстіне қою түтін көтеріліп, резервуарлардың бірінен жанған мұнай сыртқа төгілген.

Ауадағы бензол мөлшері қалыптан асты

Роспотребнадзор мамандары жанған зауыт маңында ауа құрамында бензолдың рұқсат етілген мөлшерден асқанын анықтады. Дегенмен бұл көрсеткіш 20 сәуірдегі өртпен салыстырғанда төмен.

Тұрғындарға үйден көп шықпау, терезелерді ашпау, ылғалды тазалықты жиі жүргізу және сыртқа шыққанда маска тағу ұсынылды.

Қаладағы барлық 11 мектеп екі күн қатарынан оқушыларды қабылдауды тоқтатқан. Екі балабақша жабылып, тағы үшеуі кезекші режимге көшкен. Кейбір мектептер эвакуацияланған тұрғындар үшін уақытша орналастыру пункті ретінде пайдаланылып отыр.

Ресей президенті Владимир Путин жағдайға тек үшінші шабуылдан кейін ғана пікір білдіріп, экологиялық қауіп бар екенін мойындағанымен, аймақ басшысының сөзін келтіріп, «аса үлкен қауіп жоқ» екенін айтқан. Роспотребнадзор басшысы Анна Попова да қазіргі таңда тұрғындардың денсаулығына тікелей қауіп жоқ деп мәлімдеген, алайда мониторинг жалғасатынын жеткізген.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр