Алматы көшелерінде мотопатрульдер іске кірісті

30.04.2026, 12:29
436
Алматы көшелерінде мотопатрульдер іске кірісті instagram.com/almaty_police_department

Қала билігі мотопатрульдер арқылы жолдағы тәртіпті күшейтуді көздеп отыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда қарқынды қозғалыс аймақтарында мотопатрульдер жол ережесін бұзушыларды анықтап, жауапкершілікке тарта бастады. Жаңа арнайы экипаждар жолдағы тәртіпті күшейту, жол-көлік оқиғаларын азайту және қала ішіндегі жағдайға жедел әрекет ету мақсатында құрылды.

Бұл мотопатрульдер Алматы қалалық әкімшілік полиция басқармасының арнайы батальоны құрамында жұмыс істейді.

Алматы қалалық әкімшілік полиция басқармасының бастығы Абдинур Тасыбаевтың айтуынша, негізгі міндет – жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

«Мотопатрульдік бөлімшелер бізге жолдағы ахуалға тез бейімделуге, бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, тоқтатуға және жүргізушілер арасындағы тәртіп деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», – деді ол.

Жаңа құрылым 30 мотоциклмен жабдықталған. Бұл әсіресе көлік тығыз жүретін учаскелерде жедел қозғалып, бұзушылықтарға жылдам әрекет етуге мүмкіндік береді.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр