Қостанайда әйелді өртеп жіберген ер адамның жазасы 7 жылға дейін ұлғайды

30.04.2026, 13:49
421
Қостанайда әйелді өртеп жіберген ер адамның жазасы 7 жылға дейін ұлғайды чаллы.рф

Прокуратура үкімнің тым жұмсақ екенін айтып, оны қайта қарауға қол жеткізді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанай облыстық соты әйелді аса ауыр жарақаттап, кейін қайтыс болуына себеп болған іс бойынша сотталған ер адамның ісін қайта қарап, жазаны қатаңдатты. Бұл туралы өңірлік прокуратура мәлімдеді.

Қадағалау органының дерегінше, Қостанай облысы прокуратурасының апелляциялық өтінішіне сәйкес, қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқа аса қатыгездікпен жасалған денсаулыққа ауыр зиян келтіру ісін қайта қараған.

Бұған дейін, 2026 жылғы 12 наурызда Қостанай ауданаралық соты айыпталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған болатын.

Іс материалдарына сәйкес, жанжал барысында сотталушы жәбірленушіні әдейі бензинмен құйып, өртеп жіберген. Салдарынан әйелдің денесінің 35 пайызы күйікке ұшыраған. Алайда бірінші сатыдағы сот бұл әрекетті «аса қатыгездік» белгісімен сараламай, жеңілірек баға берген.

Прокуратура бұл шешіммен келіспей, жазаның тым жұмсақ екенін атап өтіп, апелляциялық шағым түсірген.

28 сәуірде апелляциялық сот алқасы істі қарап, сотталушының әрекетінде «аса қатыгездік» белгісі бар деген қорытындыға келді.

Сот шешімімен айыптау бабы өзгертіліп, ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша — аса қатыгездікпен жасалған қасақана ауыр дене жарақатын салу дерегімен кінәлі деп танылды.

Жаңа саралау негізінде сот 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Прокуратура мәліметінше, бұл жаза заңдылық, әділеттілік және жазаның сәйкестік қағидаттарына сай келеді.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады