Алакөлге туристерді тарту бойынша жол картасы дайындалды

04.05.2023, 12:05
719
Алакөлге туристерді тарту бойынша жол картасы дайындалды tengrinews.kz

Абай облысында Алакөл көлін дамыту бойынша жол картасы аясында 40-қа жуық шара жүзеге асырылады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Туристерді тарту және қызмет көрсету деңгейін арттыру үшін көл жағалауын дамытудың жол картасы әзірленіп жатыр.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов атап өткендей, жол картасы туристерге қолайсыздық туғызатын инфрақұрылым, экология, демалушылардың қауіпсіздігі және басқа да мәселелерді кезең-кезеңімен шешу бойынша 40 іс-шараны көздейді.

«Үржар әуежайының жарық сигнал беру жабдығы, бейнебақылау, сыртқы жарықтандыру жүйесін қайта жаңарту аяқталуға жақын. Әуежай терминалына реконструкция жасау бойынша жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленді, жоба мемлекеттік сараптаманың қарауында. Бүгінгі таңда «Алматы-Үржар-Семей-Үржар-Алматы» бағыттары бойынша рейстер аптасына екі рет орындалады», – деді Айдын Кәрімов.

Сондай-ақ әкімнің бірінші орынбасары биылғы маусымнан тамызға дейін рейстердің жиілігі аптасына 3-4 ретке дейін артатынын атап өтті.

Бұдан бөлек, 15 мамырдан бастап Астанадан Үржарға тікелей ұшақ қатынай бастайды.

«Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қабанбай ауылында 2 техникаға арналған өрт депосын салуға ЖСҚ әзірлеу басталды. Жобаны іске асыру облысты дамытудың 2024 жылға арналған Кешенді жоспары шеңберінде дайындалды. 2027 жылға дейін жаңа аймақтарды қоса алғанда, көлді жағалауды нығайту бойынша жұмыстар кезең – кезеңімен жүргізілетін болады», - деді Айдын Кәрімов.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді