Найзағай, үсік, шаңды дауыл: синоптиктер қауіпті ауа райын ескертті

01.05.2026, 09:08
1118
Найзағай, үсік, шаңды дауыл: синоптиктер қауіпті ауа райын ескертті pixabay.com

Қазақстанның бірнеше өңіріне бірдей дауылды ескерту жарияланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның бірнеше өңірінде 1 мамыр күні ауа райы күрт құбылып, найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды жел мен үсік күтіледі. «Қазгидромет» бірден бірнеше облысқа дауылды ескерту жариялады.

Маңғыстау облысында түнгі және таңғы уақытта тұман түседі деп болжанып отыр. Әсіресе өңірдің оңтүстігі мен орталық бөлігінде көру қашықтығы төмендеуі мүмкін.

Жамбыл облысында күн райы күрделене түседі. Өңірдің оңтүстігі мен таулы аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз кей жерлерде нөсер күшейіп, бұршақ аралас дауыл болуы ықтимал. Жел екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді. Таразда да найзағай мен бұршақ күтіледі. Сонымен қатар облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталып отыр.

Елордада 1 мамырдың екінші жартысында найзағайлы жаңбыр, бұршақ және шаңды дауыл болжанды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 20 метрге дейін күшеюі мүмкін.

Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аумақтарында өткінші жаңбыр мен найзағай болады. Жел бағыты өзгеріп, екпіні 20 метрге дейін жетеді. Алматы қаласында да найзағайлы жаңбыр күтілсе, Қонаевта жел күшеймек. Іле Алатауы аумағында да ауа райы тұрақсыз болады.

Ақтөбе облысында жел күшейіп, өңірдің оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Ал Абай облысында шаңды дауыл тұрып, желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетуі ықтимал. Өңірдің бірнеше бөлігінде өрт қаупі жоғары деңгейде қала береді.

Шығыс Қазақстан облысында да қатты жел күтіледі. Түнде кей жерлерде топырақ бетінде үсік жүруі мүмкін. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі жарияланған.

Батыс Қазақстан облысында жаңбыр мен найзағай болжанса, түнгі және таңғы уақытта тұман түседі. Кей аудандарда топырақ беті 1 градусқа дейін суып, үсік жүру қаупі бар. Осындай жағдай Орал қаласында да күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында синоптиктер ең күрделі ауа райының бірін болжап отыр. Жаңбыр, найзағай, дауыл және бұршақ күтіледі. Желдің екпіні кей уақытта секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін. Петропавлда да қатты жел мен бұршақ болжанған.

Ақмола облысында да күн райы құбылмалы болады. Найзағай, бұршақ, дауыл және шаңды жел күтіледі. Кей жерлерде желдің екпіні 25 метрге дейін жетеді. Көкшетауда да қатты жел соғады деп болжанып отыр.

Синоптиктер тұрғындарға алыс жолға шыққанда сақ болуға, ауа райының өзгерісін бақылап отыруға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға кеңес берді.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады